"Көркем" балабақшасы » «Көркем» балабақшасы»
«Көркем» балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:180540025206
Қабылдау бөлімі:
+7(775) 678-14-15
"Әдіскер:
+7(775) 678-14-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Көркем" балабақшасы
03
сәуір
2026

"Көркем" балабақшасы

"Көркем"  балабақшасы    2021 жылдың  желтоқсан айында ашылды.балаларға жайлы жағдай жасалған кең ғимаратта орналасқанБалабақшада  2 жастан 5 жасқа дейінгі жас санатына байланысты бөлінген 4 топ : кіші, орта,  ересек топтары бар.  Педагогтер саны -9, оның ішәнде 6-ты тәрбиеші тәрбиелеу қызметін атқарады. Оқыту қазақ  тілінде үйренуге бағытталған.  


Мектепке дейінгі ұйымының материалды-техникалық базасы ҚР БҒМ №70 бұйрығының нормаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Балабақша  ішінде 4 топ бөлмелері,балалар жатын бөлмесі, бөлек асхана,  музыкалық  бөлме, әдіскер кабинеті, медбике кабинеті . әр топқа арналған ойын алаңдары бар.  

Балабақша ғимараты балалардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне бағытталған заманауи жоспар бойынша жабдықталған.

Әр топтың өзіндік кең әрі жарық ойын бөлмелері бар. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне сай дамытушы ойыншықтар, оқу құралдары және шығармашылық аймақтар ұйымдастырылған.

Балалардың күндізгі демалысы үшін топ бөлмелерінен бөлек, тыныш әрі жайлы жатын бөлмелері қарастырылған. Бұл балалардың ұйқы режимін дұрыс сақтауға және жүйке жүйесінің демалуына септігін тигізеді.

Балабақшада арнайы жабдықталған медбике бөлмесі жұмыс істейді. 

Балабақша ғимараты барлық санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі нормаларына сай жабдықталған.

Сыртқы алаң мен ғимараттың іші бейнебақылаумен жарақтандырылған, биік қоршаулармен қоршалған, ойын жабдықтары бекітілген, түсу аймақтары жеткілікті жұмсақ

Мектепке дейінгі ұйымының штатында балалара қарайтын және оларға күтім жасайтын қызметкерлер саны бар

Балабақша қызметкерлері санитарлық және өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтау, терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, төтенше жағдайлар кезіндегі шаралар туралы оқыту бойынша нұсқамадан уақытылы өтіп отырады

Сапалы дамытушы білім беру ортасы құрылған, ол жерде педагогтар баланың қабілеттері мен дағдыларын дамыту үшін тиімді қолдана алады.

Балабақша атауы

ЖШС «Көркем» балабақшасы

Бин

180540025206

Индекс

040200

Ғимаратты салған жылы

2019

Ғимаратты салып біткен жылы

2021

Балабақша меңгерушісі

Ортабаева Асел Аленхановна

Негізгі ауданы

925,5 соттық

Жоба қуаттылығы

90

Бала саны

90

Топ саны

4

Мед кабинет

1

Асхана

1

Актовый зал

1



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив